jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Франциялық клуб Палестинаны қолдаған алжирлік ойыншыны негізгі құрамнан шығарып тастады

    доп
    Доп. Көрнекі фото: pixabay.com

    Франциялық "Ницца" футбол клубы Палестинаны қолдаған алжирлік ойыншы Юсеф Атальды негізгі құрамнан алшақтатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды.

    "9 қазанға дейін Аталь Алжир құрамасында болды. Ол командаға оралған соң "Ницца" басшылығы футболшымен әңгімелесті. Ойыншы желідегі жазбасын өшіріп, жазбаша және көпшілік алдында кешірім сұрап, өз қателігін мойындағанын жақсы түсінеді.

    Бірақ жазбаның маңыздылығын ескере отырып, клуб дереу тәртіптік санкциялар қолданып, оның негізгі құрамнан алшақтатты", - делінген ресми хабарламада.

    Бұған дейін Аталь әлеуметтік желіде Палестинаны қолдау мақсатында видео жариялап, кейін өшіріп тастаған. Видеода палестиналық дін уағыздаушының израильдіктерге жамандық тілегені көрсетілген.

    Юсеф Аталь 27 жаста. Ол 2018 жылдан бері "Ницца" құрамында ойнайды. Бүгінге дейін ол 115 матч өткізіп, 12 гол соққан.

    Франциялық клуб Палестинаны қолдаған алжирлік ойыншыны негізгі құрамнан шығарып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.