jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Лионель Месси "Барселонамен" қоштасу матчын өткізеді

    Футболист Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Eric Alonso/Getty Images

    Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бұрынғы клубы "Барселонаның" алаңы "Камп Ноуда" қоштасу матчын өткізеді. Бұл туралы каталондық команданың спорт директоры Деку мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Деку "Marca" басылымына берген сұхбатында Месси бұрыңғы клубымен қоштасу матчын өткізетінін айтты.

    "Месси "Барселона" сапында міндетті түрде қоштасу матчын өткізеді. Бірақ қашан екені белгісіз. "Камп Ноудың" күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін болуы мүмкін", – деді "Барсаның" спорт директоры.

    Месси "Барселона" сапында 2003-2021 жылдар аралығында өнер көрсетті. Қазіргі уақытта аргентиналық футболшы америкалық "Интер Майами" командасының ойыншысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.