Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар "Челси" - "Арсенал" матчында бірнеше гол соғылатынын болжады

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch Kazakhstan

Сарапшылар сенбі, 21 қазанда болатын "Челси" - "Арсенал" матчына болжам жасады. Олардың пайымынша, кездесу кезінде бірнеше гол соғылады.

"Челси" - "Арсенал" матчы 21 қазанда Астана уақыты бойынша 22:30-да Лондондағы "Стэмфорд Бридж" стадионында өтеді.

"Челси"

Тодд Боулидің басқаруымен клубта хаос орын алып, шешімдер ойластырылмай қабылданатын сияқты көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымды құтқаруға шақырылған Фрэнк Лэмпард, жаттықтырушылар арасында сәтсіздіктен сәтсіздікке ұшырап отырған еді. Бүгінгі "Челси" кеше ғана танысқан талантты жас ойыншылардың кездейсоқ жиынтығына ұқсайды. Ал Маурисио Почеттино мұның бәрін қандай да бір жолмен реттеуге тырысып-бағып отырғандай. Бірақ соңғы уақытта жағдай сәл түзелген сияқты. "Көктер" АПЛ-да қатарынан екі жеңіске жетті (әлсіз "Фулхэм" мен "Бернлиді" жеңді, алайда Мудрик гол соқты!) және Лига кубогынан "Брайтонды" ығыстырды. Бұл тенденция ма, әлде кездейсоқтық па, ол жағы белгісіз.

"Челсидің" соңғы матчтары (3-1-1)

  • АПЛ. "Бернли" - "Челси" 1: 4
  • АПЛ. "Фулхэм" - "Челси" 0: 2
  • Лига кубогы. "Челси" - "Брайтон" 1: 0
  • АПЛ. "Челси" - "Астон Вилла" 0: 1
  • АПЛ. "Борнмут" - "Челси" 0: 0

"Арсенал"

Микаэль Артетаның командасы уысынан жіберіп алған чемпиондық үшін күйзеліске ұшыраған жоқ, барлық маңызды ойыншысы сапта, сақадай-сай дайын және дәл қазір жеңіліс көрмей нық келе жатыр, оған қоса АПЛ-да "Тоттенхэммен" бірінші орынды бөлісуде. Ал ұлттық құрамаға үзіліс жасамас бұрын "канонирлер" "Манчестер Ситидің" өзін жеңе алды. Бірақ, Чемпиондар Лигасындағы "Ланстан" тапқан жеңілісі осы керемет көріністі аздап бұзып тұр, бірақ бұл жеңіліс кездейсоқтық сияқты көрінеді. Оған қоса, Мартинелли сауығып, қатарға қосылды: "Ситиге" шешуші гол соғып, оның команда үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

"Арсеналдың" соңғы матчтары (3-1-1)

  • АПЛ. "Арсенал" - "Манчестер Сити" 1: 0
  • ЛЧ. "Ланс" - "Арсенал" 2:1
  • Лига кубогы. "Брентфорд" - "Арсенал" 0: 1
  • АПЛ. "Борнмут" - "Арсенал" 0: 4
  • АПЛ. "Арсенал" - "Тоттенхэм" 2:2

Жеке кездесулер тарихы

Соңғы жылдары "Арсенал" жеке кездесулерде басымдылық көрсетіп келеді. Соңғы сегіз ресми матчта - "канонирлердің" 6 жеңісі, бір тең ойын және тек бір рет "Челсиді" жеңе алған.

Болжам

Parimatch сарапшылары шайқас нәтижесін қатты бұрмаламай, "Арсеналды" фаворит деп санайтыны түсінікті: "канонирлерге" 2.26, ал "Челсиге" 3.25 ұсынуда. Сонымен қатар бір-бірімен өткен матчтарда бұл қарсыластар әрдайым болмаса да, бірақ көп жағдайда гол жаудыратыны бар. Сондықтан "тотал 2.5-тен жоғары" нұсқасына 1.94 коэффициенті бар екендігіне назар аударған жөн.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2041843-sarapsylar-celsi-arsenal-matcynda-birnese-gol-sogylatynyn-bolzady/

pixel