jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны маңызды матч алдында жарақат алып қалды

    Асхат Тағыберген
    Асхат Тағыберген Словенияға қарсы ойында. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Қазақстан футбол құрамасы мен "Ордабасы" футбол клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген "Шахтер" командасына қарсы матчта ауыр жарақат алып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметіне сәйкес, 33 жастағы ойыншы табан сүйегін сындырып алған. Ол "Шахтерге" қарсы матчтың екінші таймында жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.

    Мұндай жарақаттан жазылу үшін шамамен 8 аптадай уақыт керек. Бұл диагноз расталған жағдайда Асхат Тағыберген ЕУРО-2024 іріктеу турнирі аясында өтетін Сан-Марино (17 қазан) мен Словенияға (21 ноября) қарсы ойында ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

    Айта кетейік, кеше 22 қазанда "Ордабасы" өз алаңында "Шахтер" командасын 3:1 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

    Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны маңызды матч алдында жарақат алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.