Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасына дайындық жүргізуде

Опубликовано:

Қақпашы Игита матч кезінде
Қақпашы Игита матч кезінде. Фото: kff.kz

"Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасына дайындығын қызу жүргізуде. Күні кеше қазақстандық клуб Испанияға ұшар алдында соңғы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ футзал клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасына қатысатын құрамын жариялады.

Бас бапкер Марлон Веласко құрамға үш қақпашы мен 14 алаңдағы ойыншыны қосты. Олардың қатарында қақпашылар Деннис, Игита, Нарун Серіков, ойыншылар Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Альберт Ақбалықов, Педро, Диего, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Кайо Руиз, Игор Шушу, Алекс Виана Алиссон бар.

26-29 қазан аралығында Испанияның Пальма-де-Майорка қаласында УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінің ойындары өтеді.

Үшінші топта алматылық "Қайрат", "Дифферденж" (Люксембург), "Халадаш" (Венгрия) және "Пальма" (Испания) командаларымен кездеседі. Топтан алғашқы үштікке кірген командалар элиталық раундқа өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2042299-qairat-futzal-kluby-cempiondar-ligasyna-daiyndyqty-bastap-ketti/

pixel