jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Чемпиондар лигасы: "Арсенал" сырт алаңда испаниялық "Севильяны" жеңіп кетті

    Игроки футбольного клуба "Арсенал"
    ФК "Арсенал". Фото: twitter.com/Arsenal

    25 қазанда чемпиондар лигасының үшінші турының алғашқы матчтары өтті. Бұл кезеңде "Арсенал", "Реал", "Бавария", "Манчестер Юнайтед", "Наполи" , "Интер" сынды клубтар бақ сынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Лондондық "Арсенал" сырт алаңда испаниялық "Севильямен" кездесіп, оны 1:2 есебімен жеңіп кетті.

    Голдар: Гудель (58-минутта) — Мартинелли (45), Жезус (53).

    Англиялық "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Копенгаген" командасын қабылдады. Матч 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Кездесудің жалғыз голын англиялық клубтың қорғаушысы Харри Магуайер (72-минутта) салды.

    Берлиндік "Унион" командасы мен италиялық "Наполи" арасындағы кездесу де 0:1 есебімен аяқталған. Италиялық клуб ойыншысы Распадори 65-минутта гол салып, командасына жеңіс сыйлады.

    Чемпиондар лигасының үшінші туры аясында португалиялық "Бенфика" мен испаниялық "Реал Сосьедад" бақ сынасты. Есеп - 0:1. Алаң қожайындары өз алаңында жеңіліс тапты. Кездесудің жалғыз голын Мендес (63-минутта) салды.

    Мадридтік "Реал" сырт алаңда португалиялық "Брагамен" күш сынасты. Корольдік клуб алаң қожайындарын 1:2 есебімен жеңіп кетті. Испаниялық команда сапынан Родриго (16) мен Беллингем (61) гол салды. Португалиялықтар сапынан Джало 63-минутта жауап қайтарды.

    Мюнхендік "Бавария" түркиялық "Галатасарайды" ойсырата жеңіп кетті. Кездесу 1:3 есебімен аяқталды.

    Голдар: Икарди, 30 (пенальти) — Коман, 8, Кейн, 73, Мусиала, 79.

    Чемпиондар лигасы: "Арсенал" сырт алаңда испаниялық "Севильяны" жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.