Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал клубы чемпиондар лигасын сенімді жеңіспен бастады

Опубликовано:

"Қайрат" футзал клубы ойын кезінде
"Қайрат" футзал клубы ойын кезінде. Фото: Instagram/afckairat

Алматылық "Қайрат" футзал клубы чемпиондар лигасының осы жылғы маусымын сәтті бастады. Отандастарымыз алғашқы ойында сырт алаңда люксесбургтық қарсыласынан жеңіп кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қайрат" чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда люксембургтық "Диффердэнж" командасымен кездесті. Испанияның Пальма-де-Мальорке қаласында өткен тартысты матчта қазақстандықтар 2:4 есебімен жеңіске жетті.

"Қайрат" сапынан Дәурен Тұрсағұлов ойынның алтыншы минутында есеп ашып, төрт минуттан соң қақпашы Деннис есепті еселеді.

Матчтың 11-минутында люксембургтық команданың ойыншысы Рубен Лемуш есепті қысқартты. Алайда, екі минуттан кейін "Қайрат" сапынан Алисон Невеш оған жауап беріп, есепті 1:3 жасады.

Екінші таймда "Диффердэнж" құрамындағы Рохас Домингес алматылықтар қақпасына гол салды. 39-минутта Алисон Невеш дубль жасап, есеп 2:4 болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2042713-qairat-futzal-kluby-cempiondar-ligasyn-senimdi-zenispen-bastady/

pixel