jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футзал клубы чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өтті

    "Қайрат" футзал клубы
    "Қайрат" футзал клубы. Фото: Instagram/afckairat

    Алматылық "Қайрат" Испанияда өтіп жатқан футзалдан чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтті аяқтап, элиталық раундқа жолдама алды. Қазақстандық команда өз тобында екінші орын алып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қайрат" футзал клубы үшінші кездесуінде испаниялық "Пальма" командасымен бақ сынасты. Тартысты кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

    "Пальма" сапында Ромуло, Бруно Гомеш және Фабиньо гол соқса, алматылық клуб құрамында Клебер (автогол) , Кайо Руис және Дәурен Тұрсағұлов голдың авторы атанды.

    Қорытынды ойында жеңіліп қалғанына қарамастан, алматылық клуб топта екінші орын алып, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне шықты.

    "Пальма (Испания) – "Қайрат" (Қазақстан) – 4:3 (3:0)

    Голдар: Ромуло 2 (1:0), Бруно Гомеш 14 (2:0), Фабиньо 15 пен (3:0), 39 (4:2) – Клебер 24 АГ (3:1), Кайо Руис 29 (3:2), Тұрсағұлов 40 (4:3)

    "Қайрат" футзал клубы чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.