Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын доп" жүлдесін кім жеңіп алады

Жарияланған күні:

"Алтын доп" жүлдесі
"Алтын доп" жүлдесі. Фото: Joan Valls/Urbanandsport /NurPhoto via Getty Images

Бүгін, 30 қазанда Париж қаласында 2023 жылдың ең үздік ойыншысына "Алтын доп" жүлдесін табыстау рәсімі өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"France football" басылымының табыстайтын жүлдесі футболшы үшін ең беделді марапат болып саналады. Алғаш рет 1956 жылы табысталған жүлдені ең көп жеңіп алған ойыншы – аргенитиналық шабуылшы Лионель Месси (7 мәрте).

2022 жылғы әлем біріншілігінің чемпионы биыл да үміткерлер қатарында.

"Алтын доп" жүлдесіне үміткер футболшылар тізімі:

Қақпашылар:

  • Андре Онана ("Интер"/"Манчестер Юнайтед");
  • Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла");
  • Яссин Буну ("Севилья»/«Аль-Хиляль").

Қорғаушылар:

  • Йошко Гвардиол ("Лейпциг"/"Манчестер Сити");
  • Рубен Диаш ("Манчестер Сити");
  • Ким Мин Джэ ("Наполи"/"Бавария").

Жартылай қорғаушылар:

  • Джамал Мусиала ("Бавария");
  • Джуд Беллингем ("Реал Мадрид");
  • Лука Модрич ("Реал Мадрид");
  • Бернарду Силва, Де Брейне, Родри (үшеуі де – "Манчестер Сити");
  • Илкай Гюндоган ("Барселона");
  • Хвича Кварацхелия ("Наполи");
  • Николо Барелла ("Интер»");
  • Мартин Эдегор ("Арсенал").

Шабуылшылар:

  • Лионель Месси ("ПСЖ"/"Интер Майами");
  • Килиан Мбаппе ("ПСЖ");
  • Эрлин Холанд, Хулиан Альварес (екеуі де – "Манчестер Сити");
  • Мохамед Салах ("Ливерпуль");
  • Карим Бензема ("Реал"/"Аль-Иттихад");
  • Винисиус ("Реал");
  • Букайо Сака ("Арсенал");
  • Антуан Гризманн ("Атлетико");
  • Лаутаро Мартинес ("Интер");
  • Роберт Левандовски ("Барселона");
  • Виктор Осимхен ("Наполи");
  • Харри Кейн ("Тоттенхэм"/"Бавария");
  • Рандаль Коло Муани ("Айнтрахт"/"ПСЖ").

Маусымның үздік ойыншысын таңдауда ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары, спорт журналистері дауыс береді. Ең көп дауыс жинаған ойыншы үздік болып танылады. Өткен маусымның жеңімпазы - Карим Бензема.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2043207-altyn-dop-zuldesin-kim-zenip-alady/