jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Лионель Месси әлемнің ең үздік футбол клубын атады

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Pascal Le Segretain/Getty Images

    Аргентина ұлттық құрамасы сапындағы әлем чемпионы Лионель Месси "Алтын доп" табыстау рәсімінен кейінгі баспасөз мәслихатында әлемнің ең үздік клубын атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sport.es басылымына сілтеме жасай отырып.

    "Интер Майами" футбол клубының ойыншысы Лионель Месси жылдың үздік футболшысы болып танылып, сегізінші рет "Алтын доп" иегері атанды.

    Аргентиналық ойыншы Парижде өткен салтанатты шеруден кейінгі баспасөз мәслихатында "Барселона" футбол клубын әлемнің ең үздік командасы санайтынын айтты.

    "Әлемнің ең мықты клубында ойнасаңыз, командалық және жеке трофейлерді жеңу мүмкіндігіңіз көп болатыны белгілі. "Барселона"- әлемдегі ең мықты ұжым және басқа клубтан ерекше. Әрине, "Барсаның" жанашыры болып қаламын. Мен бұл команданы жақсы көремін", - деді Лионель Месси.

    Естеріңізге сала кетейік, Месси "Барселона" клубының шәкірті. Ол осы испан командасында 2003-2021 жыл аралығында доп тепті. Барса сапында Испания чемпионатының он дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасының төрт дүркін чемпионы атанған.

    Лионель Месси әлемнің ең үздік футбол клубын атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.