jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    ФК "Ақтөбе" Леонид Слуцкийді бапкерлік қызметке шақырғысы келеді

    Леонид Слуцкий
    Леонид Слуцкий. Фото: news.sportbox.ru

    Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бес дүркін чемпионы "Ақтөбе" футбол клубы ресейлік маман Леонид Слуцкийді команданың жаңа бас бапкері қызметіне тағайындағысы келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Meta-ratings басылымына сілтеме жасап.

    52 жастағы Леонид Слуцкий Ресей Премьер-лигасының үш дүркін чемпионы атанған және ел кубогын екі мәрте жеңген. Бапкер "Уралан", "Крылья Советов", "ЦСКА", "Рубин", "Халл Сити" және "Витесс" сияқты клубтарда қызмет атқарған.

    Слуцкий футболдан Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде Еуро-2016 чемпионатына қатысып, топтық кезеңнен шыға алмай қалған еді.

    Айта кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2023/2024 жылғы маусымында 50 ұпай жинап, 3-орынға табан тіреген еді.

    ФК "Ақтөбе" Леонид Слуцкийді бапкерлік қызметке шақырғысы келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.