jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат", "Зенит" және "Пахтакор" футбол клубтары халықаралық турнирде кездеседі

    Футбол ойнап жүрген балалар
    Футбол ойнап жүрген балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы қаласында қазақ футболының аңыз ойыншысы Сейілда Байшақовты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қайрат" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.

    Алматыда өтетін халықаралық турнирге 2007 жылы туған футболшылардан жасақталған төрт команда қатысады:

    • "Қайрат" U-17 (Қазақстан)
    • "Зенит" U-17 (Ресей)
    • "Пахтакор" U-17 (Өзбекстан)
    • "Насаф" U-17 (Өзбекстан)

    Матчтар Тимур Сегізбаев атындағы "Қайрат" футбол клубының академиясында 6 қарашадан 10 қарашаға дейін болады. Төрт команда бір-бірімен жеке ойнап шығады. Ең көп ұпай жинаған екі команда финалға шықса, қалған екі ұжым үшінші орынға таласады.

    Айта кетейік, Сейілда Байшақов - КСРО спорт шебері және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

    "Қайрат", "Зенит" және "Пахтакор" футбол клубтары халықаралық турнирде кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.