jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Бавария" футбол клубы үшінші деңгейлі лигада ойнайтын клубтан жеңілді

    ФК "Бавария"
    ФК "Бавария". Фото: S.Mellar/FC Bayern via Getty Images

    Германия кубогының 1/16 финалдық кезеңінің аясында өткен "Саарбрюккен - Бавария" арасындағы ойын ешкім күтпеген нәтижемен аяқталды. Германияның үшінші деңгейлі лигасында өнер көрсететін "Саарбрюккен" клубының ойыншылары сенсация жасап, Мюнхендік ұжымды 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ойын "Саарбрюккен" клубының алаңында өтті. Ойындағы алғашқы голды 16 минутта Томас Мюллер соққанымен, бірінші таймның соңғы минуттарында (45+1) ұрымтал тұстан мүлт кетпеген Сонтаймер есепті теңестірді.

    "Бавария" ұжымы ойын бойы ұдайы шабуылдағанымен, қарсылас қақпасының кілтін таба алмады. Екінші таймның соңғы минутында (90+6) Гаус гол соғып, өз командасына тарихи жеңісті сыйлады.

    Айта кетейік, "Саарбрюккен" футбол клубы 2019/20 маусымда Германия кубогының жартылай финалына дейін жеткен болатын. Ал Мюнхендік клуб дәл осындай сәтсіз серияға 1990 жылдан бері ұшырамаған екен.

    Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали

    "Бавария" футбол клубы үшінші деңгейлі лигада ойнайтын клубтан жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.