jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан футболшылары әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

    Футбол алаңы
    Футбол. Көрнекі фото: Lighthouse films/Getty images

    БАӘ-де өтіп жатқан шағын футболдан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Рас-эль-Хайма қаласында шағын футболдан өтіп жатқан жаһандық додада Қазақстан құрамасы Чехияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ойынның негізгі уақытында қос ұжым 3:3 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында жерлестеріміздің бағы жанды (3:2).

    Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Гананы 7:0 есебімен, ал Үндістаннан келген аяқдопшыларды 16:0 есебімен жеңіп, плей-офф сатысына шыққан еді. Плей-оффта жергілікті БАӘ құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.

    Қазақстан құрамасы бүгін Астана уақытымен сағат 22:30-де Әзірбайжан құрамасымен финалдық жолдаманы сарапқа салады. Ойынды "World MiniFootball Federation" Facebook парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.

    Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали

    Қазақстан футболшылары әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.