jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан кубогы: "Ордабасы" осы маусымдағы екінші трофейін жеңе ала ма

    "Ордабасы" ФК
    "Ордабасы". Фото: instagram/fc_ordabasy

    4 қараша күні Қазақстан кубогының финалында "Ордабасы" мен "Тобыл" ұжымдары кездеседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еліміздегі футбол маусымының аяқталуына бір ойын қалды. Алда Қазақстан кубогының финалы. Ертең, 4 қараша сағат 16:00-де "Астана Арена" алаңында Шымкенттің "Ордабасы" мен Қостанайдың "Тобыл" клубтары өзара кіл мықтыны анықтайды.

    1992 жылы бастау алған аталмыш турнир биыл 31-рет ұйымдастырылып отыр. Ал Қазақстан кубогын ең көп жеңген команда – "Қайрат". Алматылық ұжым бұл турнирде 10 мәрте жеңіске жеткен.

    "Ордабасы" мен "Тобыл" ел кубогының ақтық сынында алғаш рет жолығып тұрған жоқ. Бірінші кездесу 2007 жылы болған еді. Сол матчта атақты бапкер Дмитрий Огайдың ойыншылары 3:0 есебімен жеңіп, "Тобыл" кубок иегері атанған еді. Одан кейін араға 4 жыл салып, Алматыдағы финалда "Ордабасы" 1:0 есебімен жеңіп, 2011 жылғы Қазақстан кубогының чемпионы атанды. Енді, қос ұжымның финалдағы үшінші кездесуі болмақ.

    Осыған дейін "Ордабасы" екі мәрте (2011, 2022) Қазақстан кубогының чемпионы болса, "Тобыл" бір рет ғана алтын жүлдеге ие болған (2007).

    Еске салайық, "Ордабасы" футбол клубы биыл алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды. Ал "Тобыл" ұжымы 26 тур қорытындысы бойынша 34 ұпай жинап, ішкі біріншілікті 8-орында аяқтады.

    Футболдан Қазақстан кубогы: "Ордабасы" осы маусымдағы екінші трофейін жеңе ала ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.