Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тобыл" футбол клубы Қазақстан кубогының иегері атанды

Опубликовано:

Ислам Чесноков
Ислам Чесноков. Фото: instagram/fctobol

Қазақстан кубогының финалында "Тобыл" футбол командасы жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

4 қараша күні "Астана Аренада" өткен кездесу мәресіне жетті. "Ордабасы" мен "Тобыл" футбол клубтары арасындағы тартысты матч 0:1 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 67 минутта Ислам Чесноков салды. Осылайша, Қостанай қаласының клубы екінші мәрте кубок чемпионы атанды.

Айта кетейік, "Тобыл" футбол клубы 2007 жылы аталмыш турнирді алғаш жеңіп алған. Сол кездегі финалда да қостанайлықтар Шымкенттің "Ордабасы" командасын жеңген еді.

Еске сала кетейік, "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында 26 матч өткізіп, 34 ұпай жинап, 8 орынға табан тіреді. Десе де, қостанайлықтар 2024/2025 жылғы еурокубок ойындарына қатысады.

Ел біріншілігін жеңген "Ордабасы" ұжымы келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Ал "Тобыл" Еуропа лигасында ойнаса, "Астана" мен "Ақтөбе" Конференция лигасында бақ сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2044126-tobol-futbol-kluby-qazaqstan-kubogynyn-cempiony-atandy/

pixel