jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Шағын футбол
    Шағын футбол. Фото: facebook.com/minfootball.com

    Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан шағын футболдан әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасы финалда қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    2015 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шағын футболдан әлем чемпионаты биыл БАӘ-де Рас-эль-Хайм қаласында өтті. Ақтық сында Румыния мен Қазақстан ұлттық құрамалары күш сынасты.

    Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосалқы уақытта та жеңімпаз анықталмаған соң, пенальти сериясы болды. Ойын соңындағы пенальти сериясында Румыния ұлттық құрамасы 12:11 есебімен жеңіп, 2023 жылғы шағын футболдан әлем чемпионы атанды.

    Айта кетейік, ұлттық құраманың намысын Қарағанды қаласының әуесқой командасы қорғады. Команда бапкері футзалдан Еуро-2016 додасының қола жүлдегері - Павел Таку.

    Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.