jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада Қазақстан футболының музейі ашылды

    Қазақстан футболының музейі
    Қазақстан футболының музейі. Фото: kff.kz

    Қазақстан футболының 110 жылдығына орай, сондай-ақ отандық футболды насихаттау мақсатында Астана қаласында Қазақстан футболының музейі ашылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың бастамасымен ашылған музейде Қазақстан футболының тарихи кезеңдері көрсетілген. Есімі аңызға айналған футболшылардың жетістіктері мен спорттық мансабындағы маңызды сәттері бейнеленген жәдігерлер де осында.

    Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және ұлттық құрама ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Ян Вороговский қатысты. Сондай-ақ "Астана" футбол орталығының шәкірттері мен Қазақ футболының ардагерлері бас қосты.

    Осыған орай Қазақстан футбол федерациясына ФИФА және УЕФА-дан құттықтау хаттары келіп түскен екен.

    "Бірнеше ай бұрын мен сіздердің әдемі елдеріңізге барып, Қазақстанда футболға деген керемет құштарлық пен сүйіспеншілікті өз көзіммен көру мүмкіндігіне ие болдым. Музей елдегі футболдың 110 жылдық тарихына, істерге, тұлғаларға, сондай-ақ спортымызды дамытып жатқан барлық адамдарға құрмет көрсетуге өз үлесін қосатыны сөзсіз", - деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

    Айта кетейік, музейге кез келген адам Қазақстан футболының тарихына қатысты жәдігерлерді тапсыруына болады. Музей жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін істейді. Музейге кіру үшін алдын-ала өтініш қалдыру қажет.

    Астанада Қазақстан футболының музейі ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.