jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Зайнутдиновқа жаным ашиды": Түркия құрамасының бұрынғы ойыншысы Бахтиер туралы пікірін айтты

    Бахтиер Зайнутдинов
    Бахтиер Зайнутдинов. Фото: instagram/bateka_11

    Футболдан Түркия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Мехмет Оздилек қазақстандық футболшы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ SporX порталына сілтеме жасап.

    Түрік Суперлигасының 11-туры аясындағы өткен "Антальяспор" мен "Бешишкташ" арасындағы ойыннан кейін Мехмет Оздилек қазақстандық спортшы Бахтиер Зайнутдинов туралы пікірін айтты.

    "Бешикташ" командасы сырт алаңда 3:2 есебімен "Антальяспорға" есе жіберді. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер 90 минут бойы қорғаныс шебінің сол жақ қапталында ойнады.

    "Зайнутдиновқа жаным ашиды. "Бешикташта" сол қапталдағы қорғаушы болмаса, Бахтиерды шығарады. Сол қапталдағы шабуылшы болмаса – Бахтиер, командада орталық қорғаушы болмай қалса – тағы Бахтиер. Оған шынымен жаным ашиды", - деді Мехмет Оздилек.

    Айта кетейік, қазақстандық футболшы ойнайтын "Бешикташ" командасы Түркия Суперлигасында 11 матч өткізіп, 19 ұпаймен әзірге 5-орында.

    "Зайнутдиновқа жаным ашиды": Түркия құрамасының бұрынғы ойыншысы Бахтиер туралы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.