jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы ойындарға дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойындарына дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында Еуро-2024 біріншілігінің іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді. Магомед Адиев бастаған ұлттық құрама оқу-жаттығу жиындарын Астана қаласында жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша 10 қараша күні ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен жолдастық матч ойнайды. Содан кейін Сан-Марино мен Словенияға қарсы кездесуге шақырту алатын футболшылардың нақты тізімі анықталады.

    Еске сала кетейік, 17 қарашада Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді және елорда уақытымен 21:00-де басталады. Ал 21 қараша күні сырт алаңда Словениямен ойнайды. Матч Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында өтеді. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 01:45-ке жоспарланған.

    Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында "Н" тобында 15 ұпаймен 3-орында тұр.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы ойындарға дайындықты бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.