jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболшы Роберт Левандовски өзінің антирекордын қайталауға жақын

    Левандовски
    Левандовски. Фото: Stuart Franklin/Getty Images

    "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Роберт Левандовски алты матч бойы гол соға алмай келе жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Польшалық шабуылшы "Мальорка", "Севилья", "Порту", "Реал Мадрид", "Реал Сосьедад" және "Шахтерға" қарсы ойында гол соға алмады. Бұл Роберттің 2011 жылғы маусымнан бергі ең нашар нәтижесі. Transfermarket порталындағы статистикаға сүйенсек, Левандовски 2010 жылдың желтоқсан айы мен 2011 жылдың ақпан айы аралығында мүлде гол салмаған.

    Еске салайық, футболдан Польша ұлттық құрамасының ойыншысы Роберт Левандовски 2022 жылы 45 млн еуроға "Бавария" (Германия) футбол клубынан "Барселона" (Испания) сапына ауысқан еді. Роберт Испаниядағы алғашқы маусымында Ла Лиганың алтын медалін жеңіп алды. Ішкі чемпионатта 23 гол соғып, үздік сұрмергендерге табыстайтын "Пичичи" жүлдесіне ие болды.

    Айта кетейік, "Барселона" футбол клубының келесі ойыны Испания чемпионаты аясында "Алавес" командасына қарсы өтеді.

    Футболшы Роберт Левандовски өзінің антирекордын қайталауға жақын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.