jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубы Конференция лигасындағы жеңіс жолын жалғастыра ала ма

    "Астана" және "Динамо Загреб" ойыншылары
    "Астана" және "Динамо Загреб" ойыншылары. Фото: Luka Stanzl/Pixsell/MB Media/Getty Images

    Бүгін, 9 қарашада Конференция лигасының топтық кезеңінің 4-тур аясында елордалық "Астана" клубы косовалық"Балканиды" қабылдайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Астана" футбол клубы - осы маусымда еурокубок ойындарының топтық кезеңіне дейін жеткен жалғыз қазақстандық команда. Қазақстан Премьер-лигасы аяқталса да, елордалық ұжым үшін футбол маусымы әлі біткен жоқ. Алда УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңі аясындағы кезекті матч. Егер Григорий Бабаянның шәкірттері бүгін "Балкани" ұжымын жеңсе, плей-офф ойындарына шығуға мүмкіндік туады.

    Елордалық клуб Конференция лигасының "С" тобында "Виктория Пльзень", "Динамо Загреб" және "Балкани" сияқты командалармен плей-офф жолдамасын сарапқа салуда. Топтық кезеңде бірінші орын алған команда 1/8 кезеңіне өтсе, екінші орын алған ұжым жарысты 1/16 кезеңінен жалғастырады.

    "Астана" футбол клубы топтық кезеңде 3 матч өткізіп, 2 рет жеңіліп, 1 рет жеңді. Нәтижесінде елордалық команда 3 ұпаймен соңғы орында тұр. Ойын Астана уақытымен 21:30-да болады. "С" тобының турнирлік кестесінің қазіргі жағдайы:

    1. "Виктория Пльзень" – 9 ұпай;
    2. "Динамо Загреб" – 3 ұпай;
    3. "Балкани" – 3 ұпай;
    4. "Астана" – 3 ұпай.

    Айта кетейік, "Астана" футбол клубы осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегерлері атанды. 26 ойында 53 ұпай жинаған елордалық ұжым "Ордабасы" (58 ұпай) командасынан 5 ұпайға қалып қойған еді.

    "Астана" футбол клубы Конференция лигасындағы жеңіс жолын жалғастыра ала ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.