jitsu gif
Спорт

    Зайнутдинов ұлттық құраманың алда болатын ойындарына қатыса алмайды

    Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде
    Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан футбол құрамасының және "Бешікташ" клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың Сан-Марино және Словенияға қарсы матчтарына қатыспайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ футбол федерациясына сілтеме жасап.

    Федерация мәліметіне сәйкес, Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына бүгін, 15 қарашада қосылу керек болған.

    Алайда футболшы "Бешікташ" – "Ыстамбұл Башакшехир" матчында жарақат алып қалды. Оның емделуіне кеміне 2-3 апта уақыт кетпек.

    "Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиынын және шешуші екі ойынды жіберуге мәжбүр", - делінген федерация хабарламасында.

    Желі қолданушылары футболшыға қолдау білдіріп, тез сауығып кетуін тілеуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.