jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: "Қайрат" футбол клубы Ла Лигада ойнаған футболшыны сатып алды

    Лука Гадрани
    Лука Гадрани. Фото: instagram/gadranil

    Қазақстандық "Қайрат" футбол клубы 2016 жылы Испанияның "Алавес" командасында ойнаған футболшы Лука Гадраниді сатып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қайрат" клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Қазақстан Премьер-лигасының үш дүркін және Қазақстан Кубогының он дүркін чемпионы "Қайрат" футбол командасы грузиялық ойыншы Лука Гадраниді сатып алды.

    Лука Гадрани кәсіби мансабын Грузияның "Динамо Тбилиси" мен "ВИТ Джорджия" командаларында бастаған. Ал 2016 жылы испандық "Алавес" командасының екінші құрамында доп тепкен.

    Гадрани 2022 жылы "Тараз" футбол клубында, ал 2023 жылы "Ақтөбе" ұжымында ойнаған. "Ақтөбе" сапында 26 матч өткізіп, 3 гол соққан.

    Айта кетейік, алматылық "Қайрат" 26 жастағы қорғаушымен 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды.

    Ресми: "Қайрат" футбол клубы Ла Лигада ойнаған футболшыны сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.