jitsu gif
Спорт

    "Холанд пен Альваро Мората бір деңгейде": Симеоне үздік шабуылшыларды атады

    Альваро Мората
    Альваро Мората. Фото: Alvaro Medranda/NurPhoto via Getty Images

    "Атлетико Мадридтің" бас бапкері Диего Симеоне әлемнің үздік шабуылшыларын салыстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еl Larguero Youtube арнасына сілтеме жасап.

    Испанияның "Атлетико Мадрид" командасының бас бапкері Диего Пабло Симеоне Еl Larguero Youtube арнасына берген сұхбатында әлемнің үздік шабуылшыларын салыстырды.

    "Альваро Моратаны гол соғу машығы мен көрсеткіш жағынан алып қарағанда, әлемнің үздік футболшыларының бірі деуге болады. Осы тұстары Эрлинг Холандпен бір деңгейде", – деді Симеоне.

    Айта кетейік, Альваро Мората Испания чемпионатының осы маусымында "Атлетико Мадрид" сапында 12 матч өткізіп, 7 гол соққан. Ал Эрлинг Холанд АПЛ-да 12 матч өткізіп, 13 мәрте гол авторы атанған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.