Тағыберген мен Самородов үздік бестікте: ҚПЛ-дың ең қымбат ойыншылары анықталды
Жарияланған күні:
Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын футболшылардың нарықтағы құны жаңарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
2023 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымы аяқталуына орай Transfermarkt порталы қазақстандық клубта ойнайтын футболшылардың нарықтағы құнын жаңартты.
Неміс порталының назарына ҚПЛ-дың 344 футболшысы ілікті. Оның ішінде легионер ойыншылар мен қазақстандық футболшылар да бар. Үздік топ-10 ойыншының қатарында "Астана", "Ақтөбе" және биыл чемпион атанған "Ордабасының" футболшылары бар.
Қазақстан Премьер-лигасының топ-5 қымбат ойыншылар тізімі:
- Эбонг – 1 миллион еуро (Астана ФК);
- Дарбо – 1 миллион еуро (Астана ФК);
- Беседин – 1 миллион еуро (Ордабасы ФК);
- Самородов – 900 мың еуро (Ақтөбе ФК);
- Тағыберген – 900 мың еуро (Ордабасы ФК).
Айта кетейік, бұл көрсеткіштер Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы ең жоғары нәтиже емес. ҚПЛ тарихындағы ең қымбат ойыншы рекордын 2021 жылы "Астана" футбол клубында ойнаған Тигран Барсегян орнатқан (2,5 миллион еуро).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2045893-tagybergen-men-samorodov-uzdik-bestikte-qpl-dyn-en-qymbat-oiynsylary-anyqtaldy/