jitsu gif
Спорт

    EURO-2024: Қазақстан мен Сан-Марино матчына төрешілер белгіленді

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: sports.kz

    17 қарашада футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары кездеседі. "Астана Аренада" өтетін маңызды матчқа қазылық ететін төрешілердің есімі белгілі болды.

    EURO-2024 іріктеу кезеңінің матчында бас төреші қызметін Харальд Лехнер атқарады. Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Стефан Пихлер көмектеседі. Қосалқы төреші де австриялық Себастьян Гишамер. Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлады.

    Кездесу 17 қарашада елорда уақытымен 21:00-де "Астана-Арена" стадионында басталып, "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетіледі.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 ойыннан кейін Н тобында 15 ұпаймен 3-орында келеді. Сан-Маринодан кейін 20 қараша күні сырт алаңда Словениямен кездеседі. 

    Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.