Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдиньомен бір клубта ойнаған футболшы "Қайрат" сапына ауысты

Опубликовано:

Футболшы Елдер Сантана
Футболшы Елдер Сантана. Фото: instagram/elsantana93

Бразилиялық ойыншы Елдер Сантана "Қайрат" футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қайрат" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Алматылық "Қайрат" футбол клубы 30 жастағы шабуылшымен 2024 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды. Сантананың соңғы клубы – "Ақтөбе". Елдер өткен маусымда ақтөбелік команда сапында 32 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

"Қайрат" футбол клубының жаңа шабуылшысы Елдер Сантана 2013 жылы Роналдиньомен бірге бразилияның "Атлетико Минейро" клубында өнер көрсеткен. Бразилиялық ойыншы сол жылы Либертадорес Кубогын жеңіп алған еді. Одан бөлек "Атлетико Гойяньенсе", "Ботафого" және "Жил Висенте" сияқты командаларда доп тепкен.

Айта кетейік, "Қайрат" футбол командасы Қазақстан Премьер-лигасының осы жылғы маусымын 4-орында аяқтады. Алматылық ұжым келесі маусымда еурокубоктерге қатыса алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2046330-ronaldinyomen-bir-klubta-oinagan-futbolsy-qairat-sapyna-auysty/

pixel