jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев "Қазақстан – Сан-Марино" матчын көруге "Астана Арена" стадионына келді (видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев стадионда
    Қасым-Жомарт Тоқаев стадионда. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына келді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы дағы ресми арнасында.

    Бүгінгі кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

    Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді.

    Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

    Айта кетейік, осыған дейін футбол федерациясы Сан-Марино құрамасына қарсы ойынды бастайтын футболшылардың тізімін жариялаған еді.

    Тоқаев "Қазақстан – Сан-Марино" матчын көруге "Астана Арена" стадионына келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.