jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Магомед Адиев: Еуроға жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз (видео)

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: kff.kz

    Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ойын алды баспасөз мәслихатында Словенияға қарсы өтетін матч жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Youtube-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және ойыншылар Аслан Дарабаев пен Бағдат Қайыров ойын алды баспасөз мәслихатында Словениямен өтетін матч туралы пікірлерімен бөлісті.

    "Словения ұлттық құрамасына қарсы матчта бар назарымыз бен көңілімізді қарсыластың құрамына емес, тек жеңіске деген ойға саламыз. Осы ойында 3 ұпай жинау үшін тер төгеміз", – деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

    "Бас бапкер айтқандай, біз ұжым ретінде мықтымыз. Сондықтан ертең алаңға кім шықса да, бар күшін салып, жанын беріп, өзінің ең сәтті ойынын көрсетеді деп сенемін", – деді Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров.

    Айта кетейік, 17 қарашада Eуро-2024 турниріне іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Марино командасын қабылдады. "Астана Аренада" өткен кездесуде отандастарымыз 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

    Магомед Адиев: Еуроға жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.