Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанкүйерлер футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын әуежайдан қарсы алды (видео, фото)

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан құрамасы
Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Туризм және спорт министрі футболшылар мен бапкерлер штабын салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Футболшыларды Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан салтанатты қарсы алу рәсіміне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және футболшылардың туған-туыстары, достары мен жанкүйерлер қатысты.

Туризм және спорт министрі мен Магомед Адиев
Туризм және спорт министрі мен Магомед Адиев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Салтанатты іс-шара барысында Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық құрама футболшыларының жанкешті ойыны үшін алғыс білдірді:

"Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше әсер, эмоция сыйладыңыздар. Өз ойындарыңыз арқылы жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарып, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтердіңіздер. Бұл ерліктеріңіз көпке үлгі, мыңдаған жас бала сіздер сияқты болуды, болашақта ұлттық құрама сапында ойнауды армандайды. Қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлағандарыңызға көп рахмет, жігіттер!", – деді туризм және спорт министрі.

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Словения құрамасына қарсы ойын өткізді. Еуропа біріншілігінің жолдамасы сарапқа салынған матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал қазақстандық команда іріктеу кезеңінің топтық жарысында 18 ұпай жинап, 4-орында қалды.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығуға тағы бір мүмкіндігі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2046851-zankuierler-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasyn-auezaidan-qarsy-aldy-video/

pixel