jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Месси мен Роналду футбол алаңында қайта кездеседі

    Роналду мен Месси
    Роналду мен Месси. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    "Интер Майами" футбол клубының ойыншысы Лионель Месси мен "Аль-Насрдың" шабуылшысы Криштиану Роналду жақында қайта кездеседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    2024 жылдың ақпан айында Сауд Арабияда "Эр-Рияд маусым Кубогы" деген атпен жолдастық турнир өтеді. Аталмыш жарысқа құрамында Месси бар "Интер Майами" футбол клубы мен шабуыл шебінде Роналду ойнайтын "Аль-Наср" командалары қатысады.

    Еске салайық, Роналду мен Месси қарсылас ретінде соңғы рет 2023 жылы қаңтар айында кездескен еді. Сол матчта аргентиналық футболшы "ПСЖ" сапында доп тепсе, Криштиану Эр-Рияд қаласының құрамасы сапында өнер көрсетті. Жолдастық кездесу 4:5 есебімен париждіктердің пайдасына шешіліп еді.

    Айта кетейік, аргентиналық ойыншы Лионель Месси 2022/23 жылғы маусымның үздік ойыншысы ретінде танылып, "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды.

    Месси мен Роналду футбол алаңында қайта кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.