jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Белгілі бапкер футболдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына шығуына қарсы

    Мирча Луческу
    Мирча Луческу. Фото: Gualter Fatia - UEFA/UEFA via Getty Images

    Румыниялық бапкер Мирча Луческу футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына шығуына қарсы екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ gsp.ro сайтына сілтеме жасап.

    Румыниялық маман УЕФА қауымдастығының Еуропа біріншілігіне қатысатын командалардың санын көбейткені үшін сын пікірін айтты. "Динамо Киевтің" бүрынғы бапкерінің ойынша, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына қатыспауы керек.

    "Еуро-2024 жарысына 24 команда қатыспақшы. Ал Әлем чемпионатына тіпті 32 ұжым қатысады. Болашақта бұл сан 48-ге өседі. Осындай шешімнің кесірінен футболы қатты дамымаған елдер де жолдама алып кетеді. Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына шығып кетуі мүлде дұрыс емес нәрсе болар еді. УЕФА-ның мұндай дүниеге жол бергеніне сене алар емеспін", – деді Мирча Луческу.

    Мирча Луческу 1981-1986 жылдар аралығына футболдан Румыния ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Оның бастауымен Румыния құрамасы алғаш рет Еуропа біріншілігіне 1984 жылы жолдама алған еді. Десе де топтық кезеңде 1 ұпай жинап, плей-оффқа шыға алмаған болатын.

    Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарынан жолдама жеңіп алмаса да, көктемде өтетін Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатысады. Жартылай финалда Грекияны жеңіп, ақтық сында Грузия мен Люксембург жұбының жеңімпазын ұтса, 2024 жылғы Еуропа біріншілігіне қатысады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.