jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Жозе Моуриньо "Реал Мадридке" оралу жайлы мәлімдеме жасады

    Жозе Моуриньо
    Жозе Моуриньо. Фото: Giuseppe Maffia/NurPhoto via Getty Images

    Италиялық "Рома" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо "Реал Мадридке" оралу жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ rainews.it сайтына сілтеме жасап.

    Португалиялық маман Жозе Моуриньо қазір "Рома" футбол клубының бас бапкері қызметінде. Ал 2010-2013 жыл аралығында испанияның "Реал Мадрид" клубында жұмыс істеген. 3 жыл ішінде мадридтік команда сапында Испания чемпионатын, Суперкубок және Испания Кубогын жеңіп алған бапкер.

    "Командаңда супербапкер болса, басқа бапкер алу туралы ойланып не керек? Мен "Реалдың" президенті Флорентино Пересті жақсы танимын. Ол өте ақылды кісі. Мадридтік клубтың жанкүйері ретінде Карло Анчелоттидің командада қалғанын қалаймын. Себебі ол білікті маман.

    Анчелотти Бразилия ұлттық құрамасын жаттықтыра ма? Менің ойымша тек ессіз адам "Реал Мадридтен" өз еркімен кетеді. Мен сол ессіз адамдардың қатарындамын. Менің 3 жылғы еңбегімді бағалаған Перес клубта қалғанымды қалаған еді. Ал мен басқа командаға барамын деп шештім", – деді Жозе Моуриньо.

    Айта кетейік, Жозе Моуриньо бастаған "Рома" футбол клубы Италия чемпионатының 7-орынында келе жатыр. 12 ойында 18 ұпай жинаған команда еурокубок аймағынан шығып кеткен. Десе де Моуриньо 2022 жылы "Ромамен" Конференция лигасын жеңіп алған еді.

    Жозе Моуриньо "Реал Мадридке" оралу жайлы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.