jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екі матчты да сырт алаңда өткізеді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Lars Ronbog / FrontZoneSport via Getty Images

    23 қараша УЕФА қауымдастығының бастамасымен Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Швецарияның Ньон қаласында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы көктемде өтетін Ұлттар лигасындағы екі матчты да сырт алаңда ойнайды. Жартылай финалдағы қарсылас Грекияны жеңген жағдайда Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салу үшін Грузия немесе Люксембургке аттанады.

    Айта кетейік, Грекияға қарсы ойын 21 наурызда болса, финалдық кездесу 26 наурыз өтеді. Футболдан Қазақстан құрамасы екі ойында да жеңсе, 2024 жылғы Германияда өтетін Еуропа біріншілігіне жолдама алады.

    Ресми: Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екі матчты да сырт алаңда өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.