Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "Ақтөбе" клубына ауысу туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бапкердің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Достар, жанкүйерлер, жақын арада жекеме "Ақтөбе" футбол клубына бас бапкер болу туралы сұрақтар келіп түсті. Баршаңызға басты мақсатым әрі міндетім Қазақстан құрамасы және наурыз айында болатын ойындарға дайындық жасау екенін айтқым келеді. Жолдамаға ие болып, 2024 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына қатысу басты мақсатым және арманым деуге болады. Сондықтан қымбатты достар және жанкүйерлер, жақын арада ешқандай футбол клубын жаттықтыру ойымда жоқ", – деп жазды Адиев.
Еске сала кетсек, спорт комментаторы, ҚФФ президенті Әділет Барменқұловтың кеңесшісі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-дағы арнасында футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "Ақтөбе" клубын жаттықтыратынын хабарлады. Кейін Магомед Адиевтің мәлімдемесін жариялап, бұл қауесеттің жалған екенін растады.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы наурызда өтетін Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі екі ойында да жеңіске жетсе, Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2047737-magomed-adiev-zaqyn-arada-esqandai-klubty-zattyqtyru-oiymda-zoq/