jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    20 жастағы Беллингем әйгілі Роналдудың рекордын жаңартты

    Футболшы Джуд Беллингем
    Джуд Беллингем. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

    "Реал Мадрид" футбол клубының ойыншысы Джуд Беллингем Роналдудың рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    26 қараша испаниялық "Реал Мадрид" Ла лиганың 14-туры аясындағы ойында сырт алаңда "Кадис" командасымен күш сынасты. Тартысты кездесу 0:3 есебімен мадридтіктердің пайдасына шешілді. Матчтың 16 және 64-минутында "Реалдың" шабуылшысы Родриго екі гол салып, дубль авторы атанды. Ал Беллингем 74-минутта гол соғып ойынның нүктесін қойды.

    ESPN FC басылымының ақпараты бойынша, Беллингем "Реал" тарихында бастапқы 15 матчта 14 гол соққан алғашқы ойыншы. Осыған дейін бұл рекорд Криштиану Роналду мен Ди Стефаноға тиесілі еді (13 гол).

    Еске салайық, 20 жастағы Джуд Беллингем мадридтік "Реалмен" 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды. Трансфер құны 103 миллион еуро.

    20 жастағы Беллингем әйгілі Роналдудың рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.