jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Максим Самородов ресейлік клубқа ауысуға ниет білдірді

    Максим Самородов
    Максим Самородов. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Қазақстан ұлттық құрамасының және "Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Максим Самородов ресейлік клубтарға ауысуға қадам жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Meta-ratings.kz мәліметінше, 21 жастағы футболшы биыл күзде Ресей астанасы Мәскеуге барып, футбол агенттігінің біріне топ-клубтармен келіссөз жүргізуге рұқсат берген.

    Бұған дейін Максим Самородовқа "Краснодар" мен "Спартак" футбол клубтары қызығушылық танытқан еді.

    Футболшының өзі "Трабзонспор" клубына ауысып, Түркияға көшкісі келеді. Сонымен қатар Самородовтың Қазақстан құрамасы сапында өткізген матчтарын италиялық "Торино" өкілдері бірнеше рет тамашалаған екен.

    Ал "Ақтөбе" клубы Самородовқа келісімшартты созу туралы ұсыныс жасады. Алайда футболшының өзі нақты шешім қабылдауға асығар емес.

    Максим Самородов ресейлік клубқа ауысуға ниет білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.