jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    "Пенальти емес": Роналду төрешінің қателігін түзеді

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Khalid Alhaj/MB Media/Getty Images

    "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду Азия Чемпиондар лигасының "Персеполисқа" қарсы матчында пенальти бермек болған төрешінің қателігін түзеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-турында Роналду ойнайтын "Әл-Наср" футбол клубы "Персеполис" командасымен кездесті. Матчтың 2-минутында Роналдуға қарсы ереже бұзылғандай көрініп, бас төреші Ма Нин бірден пенальти белгіледі.

    Алайда Криштиану қарсыласының кесірінен емес, өзінің сәтсіз құлап қалғанын меңзеп, төрешіге пенальти емес екенін айтты.

    Төрешілер VAR бейне қайталауын қараған соң шешімді өзгертіп, футболшылар ойынды жалғастырды. Бірде-бір гол соғылмай матч тең аяқталды.

    Айта кетейік, "Әл-Наср" сапында Криштиану Роналду, сенегалдық ойыншы Садио Мане, бразилиялық Талиска мен хорват Марцело Брозович сияқты легионерлер ойнайды. "Әл-Наср" Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 5 матч өткізіп, Е тобында 13 ұпаймен бірінші келе жатыр. Келесі ойында саударабиялық клуб тәжікстандық "Истиклол" командасымен кездеседі.

    "Пенальти емес": Роналду төрешінің қателігін түзеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.