Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

УЕФА Асхат Тағыбергеннің голын ЕУРО-2024 турниріне іріктеудегі үздіктер қатарына қосты

Опубликовано:

Футболшы Асхат Тағыберген
Футболшы Асхат Тағыберген. Фото: kff.kz

УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік голдар тізімін жариялады. Оның арасында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы да бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

УЕФА футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан голын Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздіктер номинациясына қосты. Қазақстандық футболшыдан бөлек Жан Випотник (Словения), Эмин Махмудов (Әзербайжан), Юнус Акгюн (Түркия), Килиан Мбаппе (Франция), Ясир Асани (Албания), Кристьян Аслани (Фарер аралдары), Букайо Сака (Англия), Сандро Вольфингер (Лихтенштейн), Леандро Троссар (Бельгия) соққан голдары да үздіктер қатарында.

Матч 26 наурызда Астана Аренада өтті. Даниялық футболшы Хойлунд ойынның 21-минутында есеп ашып, 36-минутта дубль жасады.

Екінші таймда ғана ұлттық құрама ойыншылары ширақ қимылдап, 73-минутта Бахтиер Зайнутдинов қарсылас қақпасына алғашқы голды салды. Асхат Тағыберген 86-минутта гол соғып, есеп теңестірді. Матч аяқталар тұста Абат Айымбетовтің соққан голы Қазақстан құрамасын алға шығарды. Осылайша ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында Асхат Тағыбергенге мына сілтеме арқылы дауыс беруге болатынын хабарлады.

Еске салайық, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу ойындарының соңғы турында Словенияға 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған еді. Алайда қазақстандық футболшылар наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2047941-uefa-asxat-tagybergennin-golyn-euro-2024-turnirine-irikteudegi-uzdikter-qataryna-qosty/

pixel