jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Винисиус алғаш рет Бразилияның үздік ойыншысы атанды

    Винисиус Жуниор
    Винисиус Жуниор. Фото: Diego Souto/Quality Sport Images/Getty Images

    "Реал Мадрид" футбол клубының ойыншысы Винисиус Жуниор алғаш рет Бразилияның үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sambafoot.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор 2023 жылдың қорытындысы бойынша Бразилияның үздік ойыншысына берілетін "Алтын самба" жүлдесіне қол жеткізді.

    Екінші орынға осыған дейін бұл жүлдені қатарынан үш рет жеңген "Аль-Хилялдың" ойыншысы Неймар жайғасып, үздік үштікті "ПСЖ" қорғаушысы Маркиньос түйіндеді.

    Айта кетейік, "Алтын самба" сыйлығы 2021 жылға дейін тек Еуропада ойнайтын бразилиялық футболшыларға табысталып келді. Сол жылдан кейін Бразилияның ішкі біріншілігінде және шетелде ойнайтын барлық бразилиялқтарды қамтитын болды.

    Еске салайық, Бразилияның 2022 жылғы үздік ойыншысы Неймар атанған еді. "Вест Хэмнің" ойыншысы Лукас Пакета екінші орын алса, үшінші орынды "Ньюкасл Юнайтед" клубының футболшысы Бруно Гимарайнш иеленді.

    Ресми: Винисиус алғаш рет Бразилияның үздік ойыншысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.