Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неймар лайық емес": Ривалдо "Алтын допқа" кім таласатынын айтты

Опубликовано:

Футболшы Ривалдо
Футболшы Ривалдо. Видеодан кадр:: youtube.com/@myachshorts

"Барселона" клубының бұрынғы футболшысы Ривалдо болашақта "Алтын допқа" кімдер таласатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR. KZ Мяч Production Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Холанд пен Мбаппе болашақта "Алтын допты" өзара сарапқа салады деп ойлаймын. Екеуі де ұлы футболшы. Мен кейде Неймардың да есімін атаймын, бірақ әзірге ол "Алтын допқа" лайық емес. Сондықтан алдағы жылдары Холанд пен Мбаппе таласатын шығар", – деді бұрынғы бразилиялық ойыншы.

Еске салайық, 2023 жылы "Алтын доп" тағы да 36 жастағы "Интер Майами" ойыншысы Лионель Мессиге бұйырды. Ал "Манчестер Сити" ойыншысы Эрлинг Холанд дауыс саны бойынша екінші орын иеленді. "ПСЖ" футболшысы Килиан Мбаппе болса үшінші орыннан көрінді.

Аргентиналық футболшы Месси осымен сегізінші рет үздік футболшы атанып, рекорд жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2048028-neimar-laiyq-emes-rivaldo-altyn-dopqa-kim-talasatynyn-aitty/

pixel