Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эрлинг Холанд қос бірдей рекорд орнатты

Опубликовано:

Футболшы Эрлинг Холанд
Футболшы Эрлинг Холанд. Фото: Robbie Jay Barratt / Getty Images

"Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасында екі рекорд орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-тур матчтары өтуде. "Манчестер Сити" өз алаңында "Лейпциг" клубын қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Аталған ойында "Манчестер Сити" сапында Эрлинг Холанд, Фил Фоден және Хулиан Альварес гол соқты.

23 жастағы норвегиялық сұрмерген Холанд Чемпиондар лигасында екі бірдей рекорд орнатты. Біріншіден, осы турнирде 40 голды бәрінен тез салған футболшы атанды. Бұл рекордты орнатуға 35 ойын жеткілікті болды.

Бұған дейін бұл рекорд 45 ойында 40 гол соққан нидерланд футболшысы Рууд ван Нистелройға тиесілі еді.

Сондай-ақ, Холанд "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппенің рекордын жаңартып, Чемпиондар лигасында 40 гол соққан ең жас ойыншы атанды. "Лейпциг" қақпасына гол соққандағы Холандтың жасы 23-те (23 жыл, 131 күн) еді.

Еске салайық, "Манчестер Сити" пен "Лейпциг" те Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты. Тағы қандай клубтардың 1/8 финалға жолдама алатыны 13 желтоқсан күні топтық кезеңнің шешуші матчында анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2048153-erling-xoland-tagy-bir-rekord-ornatty/

pixel