Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы төрттік финалға жолдама ала ма

Опубликовано:

Қақпашы Игита
Қақпашы Игита. Фото: instagram/afckairat

Қазақстандық "Қайрат" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Косова елінің Приштина қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезең матчтары өтеді. Элиталық кезеңге еуропаның маңдай алды футзал клубтары қатысады. Сол тізімнің ішінде алматылық "Қайрат" командасы да бар.

Жеребе қорытындысы бойынша "Қайрат" элиталық кезеңнің "В" тобында өнер көрсетеді.

"В" тобы:

  • "Қайрат" (Қазақстан);
  • "Бенфика" (Португалия);
  • "Приштина" (Косова);
  • "Добовец" (Словения).

Бүгін, 29 қараша "Қайрат" футзал командасы жергілікті "Приштина" клубына қарсы матч өткізеді. Ойын Астана уақыты бойынша 01:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының элиталық кезеңнің тобында бірінші орын алған командалар ғана төрттік финалға жолдама алады. Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасын осыған дейін 2 мәрте жеңген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2048162-cempiondar-ligasy-qairat-futzal-kluby-torttik-finalga-zoldama-alady-ma/

pixel