Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасында ірі есеппен жеңіске жетті

Опубликовано:

"Қайрат" футзал клубы
"Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram/afckairat

Қазақстандық "Қайрат" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды

Бүгін, 30 қараша алматылық "Қайрат" футзал командасы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Косовада бастау алған турнир 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында болады. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық ұжым "Бенфика", "Приштина" және "Добовец" ұжымдарымен бір топта өнер көрсетеді.

Алматылық клубтың элиталық раундтағы алғашқы қарсыласы жергілікті "Приштина" футзал клубы болды. Алайда Марлон Веласконың шәкірттері қарсыластарын 11:2 есебімен ойсырата жеңді.

Гол авторлары: Педро-2, Денер-2, Диего-2, Алиссон, Эдсон, Дуглас, Кайо Руиз, Виана.

Айта кетейік, 30 қараша Астана уақытымен сағат 22:00-де "Қайрат" командасы португалияның "Бенфика" ұжымымен кездеседі. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасынан көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2048299-qairat-futzal-kluby-cempiondar-ligasynda-iri-eseppen-zeniske-zetti/

pixel