jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасында "Бенфикаға" есе жіберді

    "Қайрат" футзал клубы
    "Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram/afckairat

    Қазақстандық "Қайрат" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі екінші ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    30 қарашада алматылық "Қайрат" футзал командасы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі екінші ойынын лиссабондық "Бенфика" ұжымына қарсы өткізді. Матч 3:2 есебімен "Бенфиканың" жеңісімен аяқталды. есебімен жеңілді. "Қайрат" сапында Тұрсағұлов (8) пен Денер (36) гол салса, "Бенфика" сапында Афонсу (4), Нуньеш (5) және Роша (11) гол соқты.

    Косовада бастау алған турнир 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында болады. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық ұжым "Бенфика", "Приштина" және "Добовец" ұжымдарымен бір топта өнер көрсетеді.

    Алматылық клубтың элиталық раундтағы алғашқы матчта жергілікті "Приштина" футзал клубын 11:2 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары: Педро-2, Денер-2, Диего-2, Алиссон, Эдсон, Дуглас, Кайо Руиз, Виана.

    Марлон Веласконың шәкірттері 2 желтоқсанда "Добовецпен" кездеседі. Топта ең көп ұпай жинаған команда ғана келесі кезеңге шығады.

    "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасында "Бенфикаға" есе жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.