jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: "Ақтөбе" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    "Ақтөбе" футбол клубының жаңа бас бапкері
    "Ақтөбе" футбол клубының жаңа бас бапкері. Фото: instagram/fcaktobe_official

    Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубы ресми түрде жаңа бас бапкер тағайындалғанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NU.KZ "Ақтөбе" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футбодан Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымында "Ақтөбе" футбол клубын украиналық бапкер Дмитрий Парфенов жаттықтырады.

    49 жастағы маман футболшы ретінде мәскеулік "Спартак" намысын қорғап, Ресей Преьмер-лигасының төрт дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар футболдан Украина ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.

    2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстаған. Кейіннен "Текстильщик" клубын баптап, "Тосно" командасымен Ресей Кубогін жеңеді.

    Одан бөлек, ресейлік "Урал "клубымен де ел кубогінің финалына дейін жетіп, тулалық "Арсеналды" жаттықтырды. Соңғы рет жұмыс істеген клубтарының бірі "Родина" командасы.

    "Дмитрий Владимировичке қош келдіңіз дей отырып, оған «Ақтөбе» тізгінінде мол табыс тілейміз!", – "Ақтөбе" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Айта кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы 2022/23 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымында үшінші орын иеленді. 26 ойында 50 ұпай жинаған клуб, келесі маусымда Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

    Ресми: "Ақтөбе" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.