Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италия чемпионатының 2023 жылғы үздік футболшылары анықталды

Опубликовано:

Виктор Осимхен
Виктор Осимхен. Фото: grangala.assocalciatori.it

Кеше, 5 желтоқсан Италия чемпионатының 2023 жылғы маусымдағы үздік ойыншылары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ grangala.assocalciatori.it сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Италия футболшыларының қауымдастығы жыл сайын (Gran Gala del Calcio) Серия А чемпионатында үздік болған ойыншылар мен бапкерлерге марапат табыстайды. Биыл "А сериясының" өткен маусымдағы үздік ойыншысы титулы Виктор Осимхенге бұйырды (Наполи ФК).

Gran Galà del calcio салтанатты шарасында басқа да марапаттар табысталды:

  • Үздік ойыншы – Виктор Осимхен ("Наполи");
  • Үздік бапкер – Лучано Спалетти ("Наполи");
  • Үздік клуб – "Наполи";
  • Үздік гол – Хвича Кварацхелия ("Аталанта" қақпасына).

2023 жылғы маусымның үздік ойыншыларынан жинақталған құрам:

Қақпашы: Майк Меньян ("Милан");

Қорғаушылар: Джованни Ди Лоренцо ("Наполи"), Алессандро Бастони ("Интер"), Ким Мин Чжэ ("Наполи"), Тео Эрнандес ("Милан");

Жартылай қорғаушылар: Николо Барелла, Хакан Чалханоглу (екеуі де – "Интер"), Станислав Лоботка ("Наполи");

Шабуылшылар: Хвича Кварацхелия, Виктор Осимхен (екеуі де – "Наполи"), Рафаэл Леау ("Милан").

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2049375-italiya-cempionatynyn-2023-zylgy-uzdik-futbolsylary-anyqtaldy/

pixel