jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны қақпаға 30 метр жерден гол салды (видео)

    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы
    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: instagram/kff_women

    Кеше, 5 желтоқсан футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Астана Арена" алаңында өткен матчта Қазақстан әйелдер құрамасы Армения құрамын қабылдады. Матчтың алғашқы голын 40-минутта Юлия Мясникова салды. Құрама капитаны айып добын сәтті орындады.

    Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова есепті еселей түсті. 58-минутта команда капитаны Юлия Мясникова екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Ал Армения құрамасы бір голмен ғана жауап қатты. 71-минутта қазақстандық футболшы Камила Құлмағамбетова матчтың соңғы голын соғып, есепті 4:1 жеткізді.

    Гол: Мясникова 40', 58', Гайстенова 48', Құлмағамбетова 71' – 68' Портнова (а/г).

    Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі 6 турдың қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы С4 тобында 8 ұпаймен 3-орын иеленді. Ал Израиль 16 ұпай жинап көш бастаса, Эстония 10 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. Ал кешегі қарсыластары Арменияда бірде-бір ұпай жоқ.

    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны қақпаға 30 метр жерден гол салды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.