Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елімай" футбол клубы "Қайрат" пен "Ақтөбенің" екі ойыншысын сатып алды

Опубликовано:

Елімай футбол клубы
Елімай футбол клубы. Фото: instagram/fc_elimai

Семейлік "Елімай" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымына орай бірнеше трансфер жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Елімай" футбол клубының Instagram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2022/23 жылғы футболдан Қазақстан бірінші лигасының қорытындысы бойынша семейлік "Елімай" командасы ҚПЛ-ға жолдама алған еді. Осыған орай "Елімай" футбол клубы командаға жаңа футболшылар сатып алып жатыр.

Кеше, 5 желтоқсан "Елімай" футбол клубы 29 жастағы қорғаушы Сергей Кейлермен келісімшартқа отырды. Кейлер – алматылық "Қайрат" футбол клубының шәкірті. Осыған дейін петропавлдық "Қызыл-Жар", қызылордалық "Қайсар", көкшетаулық "Оқжетпес" және оралдық "Ақжайық" ұжымдарында өнер көрсетті.

Айта кетейік, Сергей Семейдің тумасы. Ол алматылық «Қайрат» сапында 97 кездесу өткізіп, төрт гол соққан.

"Сергейді туған жеріне оралуыңмен құттықтай отырып, оған «Елімай» сапында тек сәттілік тілейміз!", – деп жазды "Елімай" футбол клубы.

Бүгін, 6 желтоқсан "Елімай" футбол клубы 29 жастағы қорғаушы Дмитрий Яшинмен келісімшартқа отырды. Дмитрий осыған дейін ресейлік "Терек", "Сокол", "Байкал", беларусьтік "Торпедо", "Луч", "Крумкачы" және армениялық "Гандзасар" ұжымдарының намысын қорғады. Айта кетейік, Яшин өткен маусымда Андрей Владимирович жұмыс істеген "Ақтөбеде" өнер көрсетіп, ел біріншілігінің қола жүлдегер атанды.

"Елімай" футбол клубы бірінші лигада 28 матч өткізіп, 76 ұпай жинап чемпион атанған еді. Абай облысының командасы келесі маусымда Қазақстан Премьер лигасында өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2049409-elimai-futbol-kluby-qairat-pen-aqtobenin-eki-oiynsysyn-satyp-aldy/

pixel